Қазақстан Республикасы Президент орталығында ең кішкентай келушілер үшін шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар өкілдерінің дипломатиялық сыйлықтарының коллекциясы негізінде жасалған «Жануарлардың таңғажайып әлемі» балалар экспозициясы жұмыс істейді. Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер туындыларында бейнеленген жануарлар бейнелері әр елдің мәдени дәстүрлерінің көрінісі ғана емес, мемлекеттер арасындағы достықтың, құрметтің және ізгі қарым-қатынастың нышаны да болып табылады.
Экспозиция ең алдымен балабақша тәрбиеленушілері мен бастауыш сынып оқушыларына арналған. Қазақстан мен басқа елдердің жануарлар бейнелерімен танысу арқылы балалар ғаламшардың табиғи алуандығы, жануарлар дүниесінің ерекшеліктері, адамның қоршаған ортамен өзара байланысы, сондай-ақ олардың әлем халықтарының мәдениетіндегі нышандық мәні туралы түсініктерін кеңейтеді.
Мұражайға экскурсияға өтінім
1Өтінімді толтырмас бұрын экскурсияларды ұйымдастыру шарттарымен және Қазақстан Республикасы Президент орталығына келу ережесімен танысыңыз
Келуші экспонатқа немесе жабдыққа зақым келтірген жағдайда ақаулық акті жасалады. Келуші өз кінәсінен келтірілген залал үшін материалдық жауапкершілік көтереді.
Осы Ережені бұзу, сондай-ақ Президент орталығының мүлкіне зиян келтіру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартуға негіз болуы мүмкін.
Өтінім Ережемен келісу расталғаннан кейін ғана қабылданады.
Экскурсиялар 10 адамнан бастап топтар үшін ұйымдастырылады.
Бір топта 25 адамнан артық болмауы тиіс. Келесі қадамға өту үшін келушілер санын азайтыңыз.
Балалар экспозициясы
Бүркіт — аспанның аңызға айналған әміршісі және қазақтың ұлттық бірегейлігінің басты нышаны. Мыңдаған жылдар бойы бұл тәкаппар құс Ұлы дала тұрғындары үшін еркіндіктің, рухани күштің және қайсарлықтың бейнесі болды.
Қазақтың дәстүрлі мәдениетінде бүркіт киелі орын алады. Ол аңшының сенімді серігі ретінде «Жеті қазына» ұғымына кіреді. Бүркіт асқақ рухты, еркіндікті, тәуелсіздікті және жоғары күштердің қамқорлығын бейнелейді.
Оның бейнесі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туында күннің астында орналасып, мемлекетіміздің тәуелсіздігін, қуатын және ашықтығын білдіреді.